Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аранды ауылдық округі, Қожабақ ауылы, Бейбітшілік көшесі, 7 үй
8(72438)55-1-28
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
"№ 25 орта мектебі" КММ
Қызылорда облысының білім басқармасының Қазалы ауданы бойынша білім бөлімі

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақбосаға киелі.

Қанат қаққан, білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт басын саған иеді.

Қазіргі №25 орта мектебі 1947 жылы М.Горький атындағы мектеп болып құрылған болатын.

Алғашқы жылдары М.Горький (қазіргі Қожабақы ауылы) атындағы мектеп болып аталса, 1958 жылы колхоздарды ірілендіру саясатына байланысты колхоздар біріктіріліп М.Горький колхозы, Жданов колхоздары бірігіп орталық Жданов колхозы болғандықтан мектеп Жданов (қазіргі Аранды) ауылына көшіріледі де, еңбекшілер депутаттары Қызылорда облыстық атқару комитетінің 21 қаңтар 1958 жылғы қарары бойынша №25 Жданов атындағы мектеп аталады.

  • 1965 жылы қарашаның 1-інде Жданов ауылынан (қазіргі Аранды) Энгельс совхозының орталығына (қазіргі Қожабақы) мектеп көшірілді. 1989 жылдан бастап №25 мектеп деп аталуда.

Осы іргелі мектепке ең алғаш рет  директор болып Мүлкібаев 1947-1949 жылдары басшылық жасады. Ал, Қодаров Оңдаш оқу ісі меңгерушісі қызметін атқарады.

  • 1949 жылы 6 айдай уақыт математика пәнінің мұғалімі Ұлманов Әбнәби директорлық қызмет етіп, одан кейін аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысып кетті.
  • 1949-1953 жылдар аралығында Хайруллаев Жәрмедет басшылық жасады.
  • 1953-1959 жылдары Бәкішов Қожабай мектеп директоры болып қызмет атқарады.
О.Қодаров Ж. Хайруллаев Қ. Бакешов
1948-1949 ж мектептің Алғашқы оқу ісінің меңгерушісі 1949-1953 ж. ж Мектеп директоры  1953 – 1959 ж.ж Мектеп директоры

 

  • Алпыс жылдан астам уақыт тарихы бар мектебімізде өзіндік із қалдырып, бала жанының бағбаны бола білген, ұлағатты ұстаздар әлі де ел есінде. Алғашқы мектеп тарихында ерен еңбектерімен, шәкірттерінің ыстық алғысына ие болған ардагер – ұстаздардың көбі қазір арамызда жоқ. Бірақ олардың еңбектері ешқашан ұмытылмайды.
  • Бала тәрбиесінде халық көңілінен қалтқысыз шыға білген парасатты педагог, өз отбасында тәлімді тәрбие қалыптастыра алған үлгілі отағасы, ана тілінен басқа орыс, татар, қытай, араб тілін жетік меңгерген. Бұл күнде көпшілікке танымал тұлғалардың әкесі, шынайы ұстаз Дербісалы Дәленов еді.

Д. Дәленов «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық

қызметкері» өз ғұмырында ұстаздық қызметпен қатар

аудандық халық ағарту бөлімі қызметкері, бірнеше

мектептерде директорлық қызметтер атқарған.

ҚР халыққа білім беру ісінің үздік қызметкері дәрежесіне

дейін көтеріліп, «Еңбегі сіңген мұғалім» құрмет атағын иеленіп,

өзін танитын халықтан «Ғұлама» атағын алған ұстаз.

  • Өзіне де, өзгеге де қатал талап қоя білген, мектепте бір кездері оқу ісін басқарған — Құлмырза Бақыбаев.
  • Математика пәнінің қыр – сырын терең меңгертіп, білім жолында келелі қызметімен ерекшеленген Жалпақбай Нұрмағамбетов.
  • Мектептен ең алғаш 1948-1949 оқу жылында 18 түлек бітіріп шықты.
  • Алғашқы бітірген 18 түлектің ішінде елімізге танымал ақындар Сейіл Боранбаев, Ақанжан Келімбетов, Әнес Нарымбетовтер болды. Түлектер қатарында Шүленбаев Ақберген өзі бітірген мектепте көп жыл ұстаздық қызмет атқарды.

1951 жылы 14 оқушы мектепті бітіріп шықты. Осы жылы бітірген түлектер қатарында Қазақ КСР-іне еңбек сіңген экономист, қайраткер Бисенов Смағұл мен ақын Құттықов Мешітбайды айтып кетуге болады.

1952 жылы 17 оқушы мектепті бітірді. Олардың қатарында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ерғалауов Алданияз, аудандық партия қызметкерлері: Әймішев Киікбай, Нұрмағамбетов Жалпақбай, облыстық білім беру саласының қызметкері Нағыметуллаев Салахмет.

1954 жылы 16 оқушы, алғашқы күміс медаль иегері Дәулеткерімов Әби бітіріп шықты.

1955 жылы 26 түлектің ішінен Қарамолдаев Алпысбай «Алтын медальға», Жаманбаев Алмас «Күміс медальға» бітірді. (Мектеп директоры Қ.Бәкешов).

1956 жылы мектепті 32 оқушы аяқтады. Олардың ішінде ақын Омаров Файзулла, Ленин орденінің иегері, атақты күрішші, еңбек ардагері болған Қанимағамбет Ұзақ бар болатын.

1957 жылы 33 түлек бітірді. Осы жылы бітірген түлектер қатарында филология ғылымдарының докторы профессор Тоқболат Еңсегенов пен КСРО-ға еңбегі сіңген сауда қызметкері Нағашыбаев Сәду, доктор, академик — дәрігер Айтмамбетов Бегалыны айтуға болады.

 

 

 

1949 ж мектеп түлегі

А.Шүленбаев

1949 ж мектеп түлегі

С.Боранбаев

1949 ж мектеп түлегі

Ә. Нарымбетов

Ұстаз Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын

 

 

 

1952 ж мектеп түлегі

А. Ерғалауов

1957 ж мектеп түлегі

Т.Еңсегенов

1957 ж мектеп түлегі

Б. Айтмамбетов

Филология ғылымдарының кандиданты, доцент профессор

Филология ғылымдарының кандиданты, доцент профессор Филология ғылымдарының кандиданты, доцент профессор

 

 

 

Дәулеткерімов Әби ұзақ жылдар бойы Қарағанды облысында партия, кеңес қызметтерінде болды. Қазіргі таңда құрметті зейнеткер.

 

1954 ж мектеп түлегі

«Күміс медаль» иегері

Ә.Дәулеткерімов

 

1960-1969 жылдарғы мектеп басшылары

М.Қожабаев  А. Қартбаев Қ. Тықыбаев
1959-1965 жылдар аралығындағы мектеп директоры 1966 – 1968 жылдар аралығындағы мектеп директоры 1966 – 1974 жылдар аралығында мектепте оқу ісінің меңгерушісі болған

 

  • Әріптестерін үнемі әдемі әзілге бөлеп, қалжыңға қаратып жүретін, шешендік сөздері арқылы талай тентек балаларды қара сөздің құдіретімен шәкірт тәртібін үлгілі деңгейге жеткізе білген, өте сыпайы ұстаз Жұмамұрат Ербатыровты айтуға болады.
  • Мектебімізде көркемөнердің көрігін қыздырып, тарихтың тереңіне бойлай білген Ақберген Шүленбаевты
  • Мектепте ұзақ жылдар оқу ісін басқарған уақытта ұстаз жанын ұлағатпен ұға білген, көпшілік құрметіне бөленген абзал азамат Қуаныш Тықыбаевты
  • Өлең өлкесінен сыр іздеп бағасын білген, сандаған шәкірттерді білімнің бұлағына бас қойғызған өнегелі ұстаз Нұғыман Әбдіразақовты
  • Ұстаздар әулетінің көшбасшысы атанған Жәниет Жәдиевті
  • Ұстаздық этикамен көпшілікке өнеге болған бір кездері мектеп басшысы Молдабай Қожабаевты
  • Табиғатында білім тереңінен білім алып, жан — жақтылығымен ерекшеленген орыс тілінің шынайы шебері Тәжімбет Ерназаровты
  • Өз ісіне өлшеусіз беріліп пән кабинетін жабдықтауда республика көлемінде дәріптелген, өзгелер үшін күні бүгінге дейін үлгі болған хим – биолог Сахитжан Өтениязовты біз құрметпен айта аламыз.
  • Мұндай жандар қатарынан өлке тарихының өрелі бетін кейінгі ұрпаққа әлі күнге үлгі етіп қалдырып келе жатқан өлкетанушы, тарихшы — ақын Ақанжан Келімбетовты
  • Бастауыш сыныптағы бала жанының сырлы пернесіне байыппен бойлай білген Меңсұлу Аманованы
  • Кешегі отты жылдар шежіресінен шәкірттеріне қилы да қызықты етіп сыр шертер ардагер – ұстаз – Әлімжан Махамбетияровты
  • Ана тілдің айбынын көтеріп шәкірт бойына сіңірген, қазақ әдебиетінің қыр – сырын үйреткен «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1957) значогін кеудесіне таққан ардагер — ұстаз Шәпеш Нарымбетованы
  • Математиканың сиқырлы әлемін шәкірт жүрегіне бойлатқан Жарболат Еңсегеновты көре аламыз.

 

 

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР

Ж. Ербатыров  Н.Әбдіразақов Ә. Махамбетияров
Ұлы Отан соғысына қатысушы, география пәнінің мұғалімі Бастауыш класс мұғалімі, ақын Ұлы Отан соғысына қатысушы, бастауыш класс мұғалімі

 

Ш.Нарымбетова Ж. Жәдиев С. Өтениязов
 «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»  «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»  «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»